Өзбекстанға тағы 3 миллион доза ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы жеткізілді
6 қыркүйек күні таңертең Өзбекстанға 3 миллион дозадан тұратын өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы жеткізілді.
ДСМ-нің хабарлауынша, бүгінге дейін республикаға әкелінген вакцинаның жалпы қоры 22 миллион 446 мың 540 дозаға жеткен.
Олардан:
- 460 000 доза - Спутник V,
- 986 480 доза - AstraZeneca,
- 18 000 000 млн доза - ZF-UZ-VAC2001,
- 3 000 060 доза - Moderna вакцинасы.
Бүгінгі күні республикада барлығы 15 004 856 доза екпе қолданылған болып, 2 123 460 адам толық вакцина қабылдаған.