Өзбекстанға Спутник V вакцинасының 90 мың дозасы жеткізілді
Ресейдің Н.Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған Спутник V вакцинасының 90 мың дозалы ІІ копоненті Өзбекстанға жеткізілді.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстандағы Спутник V вакцинасының жалпы қоры 460 мың дозаны құрады.
Ал, республикадағы жалпы вакцина қоры 17 миллион 946 мың 540 дозаға жеткен.
Олардың:
- 460 мың доза «Спутник V»,
- 986 480 мың доза AstraZeneca,
- 13,5 миллион доза - ZF-UZ-VAC2001,
- 3 миллион 60 доза - Moderna вакцинасы.