English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанға Сауд Арабиясынан қосымша инвестиция тартылады
16:41 / 2022-08-17

Жидда қаласында Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Джамшид Ходжаев пен Сауд Арабиясының Инвестициялар министрі Халид әл-Фалихтің кездесуі өтті.

Сұхбат барысында Өзбекстан Президентінің Сауд Арабиясына алдағы мемлекеттік сапарына бірлесіп дайындық көру мәселесі талқыланды.

Министрлік дерегінше, тараптар жоғары деңгейдегі сапардың күн тәртібін сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы нақты жобалармен экономикалық байыту мәселесін қарастырды.

Сонымен қатар, Өзбекстанға Сауд Арабиясының қосымша инвестицияларын тарту мәселелері сөз болды. Жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруда екі жақтың өзара ынтымақтастыққа дайын екендіктері айтылды.

Өзара қарым-қатынастарды жандандырудың қолда бар мүмкіндіктерін талдау нәтижелері бойынша күтілетін жоғары деңгейдегі сапар елдер арасындағы ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығаруына сенім білдірілді.