Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанға С гепатитіне қарсы препараттың тағы бір партиясы жеткізілді
12:20 / 2023-05-09

2023 жылдың 6 мамырында Мысыр үкіметі Өзбекстан ауруханаларына қолдану үшін гуманитарлық көмек ретінде жіберген «Даклатасвир» және «Софосбувир» С гепатитіне қарсы препараттардың екінші партиясы Ташкентке әкелінді.

Жалпы құны 62 мың АҚШ долларын құрайтын 7700-ден астам осындай дәрі-дәрмек ДСМ жанындағы Вирусология ғылыми-зерттеу институтында емделетін науқастарға қолданылады.

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылдың 29 сәуірінде құны 35 мың АҚШ долларын құрайтын 17 мың қораптан астам дәрі-дәрмектен тұратын гуманитарлық жүктің бірінші партиясы жеткізілген еді.