Өзбекстанның климаттық жағдайын ескере отырып жасалған Қытайдың CRRC Group (China RailwayRolling Stock Corporation) мемлекеттік холдингінен жаңа электровоз әкелінді.
«Өзбекстан темір жолдары» АҚ хабарлауынша, жаңа электровоз жоғары қуатқа ие 2 секциялы 8 осьті жолаушы және жүк электровозы болып, оның қуаты 9600 кВт құрайды. Бұл локомотив кез келген ауа-райында ауыр жүкпен қиындықсыз қозғала алады.
Техникалық сипаттамаға сәйкес, локомотивтің бұл түрі жылдамдықты сағатына 120 шақырымға дейін арттыра алады. Оның қызмет ету мерзімі – 40 жыл.
TOSHIBA компаниясы шығарған электровозы TCMS заманауи бақылау-диагностикалық жүйемен жабдықталған. Бұл жүйе электровозды шамадан тыс жүктемелерден, ақаулардан қорғайтын және машинистке дер кезінде хабар береді.
Локомотивтегі электронды жабдықтардың, жоғары және төмен вольтты электр жабдығының күйін, тежегіш, қауіпсіздік, радио және басқа жүйелердің жұмыс істеуін монитор арқылы көрсетіп тұрады. Егер сапар кезінде жабдықта ақау анықталса, бұл хабарлама компьютердің ішкі мониторында көрсетіледі, онда оны түзету жолы туралы ақпаратта беріледі.