Өзбекстанға Қытайдан 30 электровоз әкелінбек
Жақын күндері Қытайдан Өзбекстанға заманауи және қуатты жүк және жолаушылар локомотивтерінің алғашқы партиясы әкелінеді.
«Өзбекстан темір жолдары» АҚ мәліметінше, бұл жағдай Азия даму банкінің қатысуымен «Локомотивтер сатып алу арқылы локомотив паркін жаңарту» жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Онда айтылуынша, барлығы 30 заманауи электровоздар мен қосалқы бөлшектерді жеткізу жоспарланған. Жаңа локомотивтер жолаушылар мен жүк тасымалына арналған, сонымен қатар күрделі таулы аудандарда ауыр жүкті тасымалдауға қабілетті.
Электровоздар экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан халықаралық талаптарға сәйкес келеді және асинхронды тартқыш электр қозғалтқыштарымен жабдықталған. Локомотивтерде қолданылатын заманауи технологиялар электр энергиясын үнемдеп қана қоймай, отын шығынын азайтады.