Өзбекстанға Польшадан AstraZeneca вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанға Польшадан AstraZeneca вакцинасының кезекті партиясы әкелінгенін хабарлады.
Хабарда айтылуынша, Ташкент әуежайына 252 мың доза AstraZeneca вакцинасы тиелген ұшақ келіп қонды.
Осылайша, Өзбекстанға әкелінген вакциналардың жалпы қоры 24 254 540 дозаға жетті.
Жалп елде қазіргі кезде коронавирусқа қарсы 4 препарат тіркеуден өткен. Олар қатарына кеше Pfizer/BioNTech вакцинасы қосылды. Бірақ ДСМ бұл препаратты науқан аясында азаматтарға салынып жатқаны жайлы мәлімдеген жоқ.
Сонымен Өзбекстандағы вакциналардың үлесі мынадай:
- 460 мың доза Спутник V,
- 1 594 480 доза AstraZeneca,
- 18 миллион доза ZF-UZ-VAC2001,
- 3 миллион 60 доза - Moderna
- 1,2 миллион доза Pfizer/BioNTech вакцинасы.