Өзбекстанға Pfizer вакцинасының 142 740 дозасы әкелінді
Өбекстанға Pfizer вакцинасының 142 740 дозасы жеткізілді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, републикада бүгінге дейін вакцинациялау процесінде барлығы 72,5 миллион доза вакцина қолданылған.
«Өбекстанда қолданылған жалпы екпенің 6,7 миллион дозасы Pfizer вакцинасына тиесілі» делінген министрлік хабарында.