Өзбекстанға Moderna вакцинасының кезекті партиясы әкелінді
Өзбекстанға коронавирусқа қарсы Moderna вакцинасының ірі көлемдегі кезекті партиясы әкелінді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVAX бағдарламасы аясында Moderna вакцинасының 2 822 400 дозасы жеткізілген.
Осылайша, Өзбекстандағы вакцинаның жалпы қоры 53 579 548 дозаға жетті.
Жалп елде қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы 7 препарат тіркеуден өткен болып, вакциналардың үлесі мынадай:
- 1 341 790 доза Спутник V,
- 2 404 480 доза AstraZeneca,
- 38 700 268 доза ZF-UZ-VAC2001,
- 6 322 860 доза - Moderna,
- 2 626 650 доза Pfizer/BioNTech,
- 1 976 000 доза Sinovac.
- 207 500 доза Sputnik Light вакцинасы.
Бүгінге дейін республикада жалпы 44 млн дозадан астам вакцина қолданылған. Ал жалпы вакцинаға қабілетті халықтың 91 пайыздан жоғарысы алғашқы доза алған.