Өзбекстанға 100 нанометрлік коронавирусты миллион есе үлкейтіп, 10 см етіп көрсететін теңдесі жоқ электронды микроскоп әкелінді.
Министрлер Кабинетінің 2020 жылдың 12 тамыздағы тиісті қаулысына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық патологиялық анатомия орталығына коронавирусты және басқа ауруларды тиімді бақылау, оларға нақты диагноз қою және жоғары технологиялық ғылыми зерттеулер жүргізу үшін Жапонияның беделді JEOL компаниясы шығарған JEM-2100Plus заманауи трансмиссиялық электронды микроскопы әкелінді.
Бұл электронды микроскоп трансмиссиясы 1-нанометрлік құрылымды 1 миллион миллиметрге үлкейтіп көрсетеді. Мысалы, 100 нанометрлік коронавирусты миллион рет үлкейтіліп, оны 10 см етіп жасайды.
Қазіргі кезде JEM-2100Plus заманауи трансмиссиялық электронды микроскопты қолдану және ғылыми зерттеулер жүргізілу жолға қойылды.

Денсаулық сақтау министрлігі, Қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, Республикалық патологиялық анатомия орталығы Өзбекстандағы патологиялық анатомия қызметінің негізгі мекемесі болып, барлық аймақтар және ірі қалалардағы емдеу-профилактикалық мекемелерде емделіп джатқан ауруларды биопсия арқылы морфологиялық анықтау және аурудан қайтыс болғандардың денелерін аутопсиялау әдісімен тексеру, өлімнің себептерін тікелей талдау, клиникалық диагнозды талдау, емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі қателіктерді анықтау сияқты диагностикалық шараларды орындайды.
Осыған байланысты 15 сәуірде еліміздің барлық медициналық университеттерімен және ғылыми орталықтарымен келісімшарт жасалып, зерттеу жұмыстары басталған болып, 1 мамырдан бастап зерттеуге қабылданған биологиялық материал ерекше әдіспен өңделіп, электронды микроскопта зерттеліп, электрон транскриптілері алынып, олар ғылыми сипатталып, иесіне қайтарылу қызметі жолға қойылады.