Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанға әкелінген және өндірілген вакцина көлемі 57 млн дозадан асты
12:41 / 2022-03-02

Өзбекстан аумағында коронавирусқа қарсы өндірілген және шетелден әкелінген вакцина көлемі дерлік 57 млн дозадан асты.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бүгін 2 наурыз күні Өзбекстанда өндірілген ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының 3 296 000 дозасы республикада коронавирусқа қарсы екпе процедураларында қолдану үшін табысталды.

Осылайша, республикадағы вакцинациялау процесінде қолданылатын вакцинаның жалпы көлемі 57 011 423 дозаны құрады.

Жалпы елде қазіргі кезде коронавирусқа қарсы 7 препарат тіркеуден өткен болып, вакциналардың үлесі мынадай:

  • 1 341 790 доза Спутник V,
  • 2 404 480 доза AstraZeneca,
  • 41 996 268 доза ZF-UZ-VAC2001,
  • 6 322 860 доза - Moderna,
  • 2 626 650 доза Pfizer/BioNTech,
  • 1 976 000 доза Sinovac.
  • 343 375 доза Sputnik Light вакцинасы. 

Еске сала кетейік, өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасын үш рет қабылдағанда толық вакцинацияланған болып саналады. Сонымен қатар вакцина коронавирустың «британдық», «бразилиялық», «делта» штаммдарына қарсы тиімді екендігі дәлелденген.