Өзбекстанға әкелінген және өндірілген вакцина көлемі 53,7 млн дозадан асты
Өзбекстан аумағында коронавирусқа қарсы өндірілген және шетелден әкелінген вакцина көлемі дерлік 53,7 млн дозадан асты.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстанға бүгін 21 ақпанда Sputnik Light вакцинасының 135 875 дозасы әкелінді.
Осылайша, республикадағы вакцинациялау процесінде қолданылатын вакцинаның жалпы көлемі 53 715 423 дозаны құрады.
Жалпы елде қазіргі кезде коронавирусқа қарсы 7 препарат тіркеуден өткен болып, вакциналардың үлесі мынадай:
- 1 341 790 доза Спутник V,
- 2 404 480 доза AstraZeneca,
- 38 700 268 доза ZF-UZ-VAC2001,
- 6 322 860 доза - Moderna,
- 2 626 650 доза Pfizer/BioNTech,
- 1 976 000 доза Sinovac.
- 343 375 доза Sputnik Light вакцинасы.
Sputnik Light вакцинасымен толықтай екпе алу үшін оның 1 дозасын қабылдау жеткілікті.
Еске сала кетсек, елдегі вакцинация процесінде бүгінге дейін жалпы 44,9 млн доза вакцина қолданылған.