Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанға әкелінген және өндірілген вакцина көлемі 50 млн дозаға жуықтады
16:48 / 2022-01-17

Өзбекстан аумағында коронавирусқа қарсы өндірілген және шетелден әкелінген вакцина көлемі дерлік 50 млн дозаға жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстанға бүгін 17 қаңтарда Pfizer/BioNTech вакцинасының 310 050 дозасы әкелінді. Бұл 2022 жылғы бюджет есебінен әкелінген екінші вакцина. 

Осылайша, республикадағы вакцинациялау процесінде қолданылатын вакцинаның жалпы көлемі 49 846 818 дозаны құрады.

Жалп елде қазіргі кезде коронавирусқа қарсы 7 препарат тіркеуден өткен болып, вакциналардың үлесі мынадай:

  • 1 341 790 доза Спутник V,
  • 2 404 480 доза AstraZeneca,
  • 37 789 938 доза ZF-UZ-VAC2001,
  • 3 500 460 доза - Moderna,
  • 2 626 650 доза Pfizer/BioNTech,
  • 1 976 000 доза Sinovac.
  • 207 500 доза Sputnik Light вакцинасы. 

16 қаңтар күнгі жағдай бойынша бүгінге дейін республикада жалпы 40,6 млн доза вакцина қолданылған.