Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанға келген туристерге алтын қазып алу процесі көрсетіледі
10:41 / 2021-02-02

Өзбекстанға келген шетелдік саяхатшылар үшін тау-кен орындарында алтын, руда түсті металдарды қазып алу процесі көрсетіледі.

Өзбектуризм елдегі туризм саласын дамыту үшін индустрияның жаңа бағыты ретінде әлемде танымал бола бастаған геотуризмді дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Соның негізінде алдағы кезде Науаиы облысындағы кен-металлургия комбинаты мемлекеттік кәсіпорнына тиесілі алтын, кен және басқа минералды ресурстар кен орындарындағы қолданыстағы инфрақұрылымдық Амантойтов пен Довгизтов кенорындарын болашақта туристік мекенге айналдыру жоспарланып отыр.

Осынау алтын кенішіндегі өндірістік процеске араласпай, шетелдік және отандық туристер үшін эксклюзивті ноу-хау мен өндірістік туризмнің жаңа стилін құру мақсат етілген.  

Соған орай шетелдік және отандық туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете тұрып, алтын кенішіндегі тау жыныстарын жару және өндіріс процесін алыш қашықтықтан, панорамалық терезелерден бақылау, сондай-ақ осы аймақта жеңіл демалыс орындары мен оларға қосымша қызметтерді құру жоспарланған.