Өзбекстанға емделуге келетін шетелдіктер саны өсті
Өзбекстанда медицина саласына беріліп жатқан мүмкіндіктер тек жергілікті халықты ғана емес, шетелдік азаматтарды да қызықтырып отыр. Атап айтқанда, медициналық көмектің барлық деңгейінде инновациялық шешімдер, жаңа диагностика және емдеу әдістері қолданылуда.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылдың 9 айында 81,7 мың шетелдік азамат емделу үшін Өзбекстанға келген.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,3 мың адамға немесе 80,2 пайызға артқанын көрсетеді.

Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстанға емделу мақсатында ең көп келгендер Тәжікстаннан – 62 347 адам, Қазақстаннан – 9 537 адам, Қырғыз Республикасынан – 7 481 адам болған.
Бұл тізімде Ресей, Түркіменстан, Түркия, Ауғанстан, Украина, Әзірбайжан және тіпті АҚШ-тан да емделу үшін елімізге келушілер саны өсіп жатыр.