English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанға электромобиль импорты үш есеге артты
10:43 / 2022-08-15

Өзбекстанға электромобиль импорты үш есеге артты. Жыл басынан бері 1314 электрлі автокөлік импорттаған.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында Өзбекстанға әлемнің 10 елінен 40,1 млн АҚШ долларына тең келетін 1314 электромобиль әкелінген.

2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер импорты 901 дана немесе 3,2 есеге өсті.

2022 жылдың 7 айында Өзбекстан мына елдерден электромобильдер импорттаған:

  • Қытай – 1155 дана
  • БАӘ – 81 дана
  • Германия – 29 дана
  • Гонконг – 29 дана
  • Корея – 7 дана
  • Литва – 7 дана
  • Эстония – 2 дана.