Өзбекстанға ең көп гуманитарлық көмек жіберген үш ел
2023 жылдың қаңтар-маусым айларында Өзбекстанға 23 елден жалпы құны 123,3 миллион АҚШ долларын құрайтын гуманитарлық көмек келді.
Экономика және қаржы министрлігі ұсынған баяндамада айтылуынша, Өзбекстанға ең көп гуманитарлық көмек жіберген елдер қатарында Германия – 48,7 млн доллар (39,5%), Қытай – 27,3 млн доллар (22,1%), АҚШ – 17 млн доллар (13,8%) көмектің негізгі үлесін құрайды.
Өзбекстанға жіберілген жалпы гуманитарлық көмектің 75,4 пайызы осы үш ел үлесіне тиесілі.
Гуманитарлық көмекті салалар бойынша: денсаулық сақтау (94,2 млн доллар), білім беру (27,4 млн доллар), газбен қамтамасыз ету кәсіпорындарына сұйытылған газ үшін (1,7 млн доллар), «Шығыс әйелі» қорына (273,7 мың доллар) бағытталған.