Өзбекстанға бір айда 678,7 мың шетелдік туристік мақсатта келген
2025 жылдың қаңтар айында Өзбекстанға 678,7 мың шетел азаматы туристік мақсатпен келген.
Ұлттық статистика агенттігінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 158,5 мың адамға немесе 30,5 пайызға артқан.
Қаңтар айында келген шетел азаматтарының сапар мақсаттары бойынша мынадай:
- Туған-туысқандарын көру – 461 277 адам
- Қызметтік мақсат – 88 336 адам
- Туризм (саяхат) – 75 392 адам
- Іскерлік (бизнес) – 41 196 адам
- Емделу – 8 966 адам
- Білім алу – 3 508 адам