Өзбекстанға автокөліктің басым бөлігі Қытайдан әкелінуде
Өзбекстанға жыл басынан бергі импортталған автокөліктің басым бөлігі Қытай үлесіне тура келуде.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Өзбекстан әлемнің 18 елінен құны 124,5 миллион доллар болатын 5 948 көлік әкелген. Соның ішінде 3 436 дана темір тұлпар Қытай үлесіне тура келеді.
Жеңіл автокөліктердің импорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4873 данаға немесе 6 есеге жуық артты.
Өзбекстанға импортталған жеңіл автокөліктің ең ірі көлемі Қытай елінен келген болып, қалған көрсеткіш мынадай:
- Корея – 1512 дана
- Қазақстан – 502 дана
- АҚШ – 19 дана
- Жапония - 15 дана
- Германия – 9 дана
- Гонконг - 5 дана
- Түркия – 4 дана