Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанға AstraZeneca вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
10:40 / 2021-09-11

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің хабарлауынша, COVAX бағдарламасы аясында Германиядан AstraZeneca вакцинасының 356 мың дозасы Өзбекстанға жеткізілді.

Осылайша, Өзбекстанға әкелінген вакциналардың жалпы қоры 22 миллион 802 мың 540 дозаға жетті. Олар қатарында AstraZeneca вакцинасының үліесі 1 342 480 дозаны құрады.

Жалп елде қазіргі кезде коронавирусқа қарсы 4 препарат тіркеуден өткен болып, олардың үлесі мынадай:

  • 460 мың доза Спутник V,
  • 1 342 480 доза AstraZeneca,
  • 18 миллион доза ZF-UZ-VAC2001,
  • 3 миллион 60 доза - Moderna вакцинасы.

10 қыткүйектегі жағдай бойынша, Республикадағы вакцинация науқаны барысында жалпы 16 600 174 доза екпе қолданылған. Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы толық егілгендердің саны – 3 022 789 құрауда.

Бұған дейін Өзбекстанға 1,2 миллионнан астам Pfizer/BioNTech және 600 мыңнан астам AstraZeneca вакцинасы жеткізілетіні хабарланған болатын.