English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанға AstraZeneca вакцинасының алғашқы партиясы келді
10:22 / 2021-03-17

COVAC бағдарламасы аясында Үндістанда шығарылған коронавирусқа қарсы 660 мың дозалы AstraZeneca вакцинасының алғашқы партиясы Өзбекстанға келді.

ЮНИСЕФ қолдауымен Өзбекстанға жылдың соңына дейін халықтың 20 пайызын вакцинациялау үшін жеткілікті вакцина мен шприц жеткізіледі деп күтілуде. Жоспар бойынша COVAX қоры есебінен Өзбекстанға AstraZeneca вакцинасының 2 миллионнан астам дозасын жеткізу жоспарланған. Оның 20-40 пайызы жылдың бірінші ширегінде, ал қалған бөлігі екінші тоқсанда, әлемдік өндірістік қуатына байланысты кезеңімен жеткізілетін болады.

[gallery-1588]

ЮНИСЕФ тарапынан Өзбекстанда вакциналарды сақтауға арналған салқындататын жүйемен қамтамасыз ету жұмысы да жалғасуда. Осы уақытқа дейін 17 салқындатқыш қойма пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 4 жүйе пайдалануға беріледі деп күтілген.