Өзбекстанға 8 айда 46 млн долларлық электромобиль әкелінді
2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында Өзбекстанға шетелден құны 46,4 миллион АҚШ доллары болатын 1499 электромобиль импортталды.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, биыл электромобильдер импорты 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1003 бірлікке өскен.
2022 жылдың 8 айында Өзбекстан мына елдерден электромобильдер импорттаған:
- Қытай – 1,3 мың дана
- БАӘ – 110 дана
- Германия – 34 дана
- Гонконг – 30 дана
- басқа елдерден 19 дана