Өзбекстанға 70 мың доза Спутник V вакцинасының екінші компоненті жеткізілді
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 9-нан 10 маусымға өткен түні Ресейден тағы 70 мың доза Спутник V вакцинасының екінші компоненті жеткізілді.
Ресейдің Н.Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған Спутник V вакцинасының 70 мың дозадан тұратын бірінші компоненті бұған дейін 1 маусым күні әкелінген еді.
Еске сала кетейік, атаулы вакцина Өзбекстанға алғаш рет сәуір айында 100 мың дозалық (1 компонент 50 мың дозасы, 2 компонент 50 мың дозасы) құрам жеткізілген болатын.
Жалпы қазірге дейін Өзбекстанға Ресейден Спутник V вакцинасының 240 мың дозасы әкелінді.