Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанға 500 400 доза Модерна вакцинасы жеткізілді
12:39 / 2022-01-10

Бүгін 10 қаңтарда Өзбекстанға 500 400 доза Модерна вакцинасы жеткізілді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл 2022 жылғы бюджет есебінен әкелінген алғашқы вакцина.

Осылайша, республикадағы вакцинациялау процесінде қолданылатын вакцинаның жалпы көлемі 49 536 768 дозаны құрады. Ал, COVAX бағдарламасы бойынша жеткізілген дозалардың жалпы саны 9,5 миллионнан асты.

ЮНИСЕФ және оның серіктестері Өзбекстан халқына COVID-19 вакциналарын жеткізуге белсенді атсалысуда.

Жалп елде қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы 7 препарат тіркеуден өткен болып, вакциналардың үлесі мынадай:

  • 1 341 790 доза Спутник V,
  • 2 404 480 доза AstraZeneca,
  • 37 789 938 доза ZF-UZ-VAC2001,
  • 3 500 460 доза - Moderna,
  • 2 316 600 доза Pfizer/BioNTech,
  • 1 976 000 доза Sinovac.
  • 207 500 доза Sputnik Light вакцинасы.

Бүгінге дейін республикада жалпы 40 млн доза вакцина қолданылған. Ал жалпы вакцинаға қабілетті халықтың 88 пайыздан жоғарысы алғашқы доза алған.