Өзбекстанға 1,2 миллион дозадан астам Pfizer/BioNTech вакцинасы әкелінді
Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанға 1,2 миллион дозадан астам Pfizer/BioNTech вакцинасы әкелінгенін хабарлады.
Pfizer/BioNTech вакцинасы Өзбекстандағы вакцинация науқаны аясында егілетін 5 -ші вакцина болмақ. Қазіргі кезде республикада ZF-UZ-VAC2001, AstraZeneca, Sputnik V, Moderna вакцинасы тіркеуден өткен.
Осылайша, Өзбекстанға әкелінген вакциналардың жалпы қоры 24 002 540 дозаға жетті.
Бүгінге дейін, Республикадағы вакцинация науқаны барысында жалпы 16 861 167 доза екпе қолданылған болып, коронавирусқа қарсы толық егілгендердің саны – 3 121 019 құрауда.