English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанға 100 палестиналық бала мен әйел жеткізілді
12:51 / 2024-12-27

Өзбекстанның мейірімділік пен бейбітшілікке деген ұстанымына сай соғыстан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында 100 палестиналық бала мен әйел жеткізілді.

Мемлекет басшысы биыл 11 қарашада Палестина мәселесіне арналған кезектен тыс араб-ислам саммитіне қатысып, бейбітшілікке жетелейтін бірнеше игі бастама ұсынған еді. Атап айтқанда, Президентіміз Палестина-Израиль мәселесін бейбітшілік пен дипломатия жолымен шешуге бағытталған барлық іс-әрекеттерді толық қолдайтынын білдіріп, соғыстан зардап шеккен бір топ палестиналық балалар мен әйелдерді Өзбекстан ауруханаларында тегін емдеуге дайын екенін айтқан.

«Мыңдаған жазықсыз балалар, әйелдер мен қарттардың өліміне себеп болып жатқан бұл жойқын әрі сұмдық шабуылдар адамзаттың жаңа тарихындағы ең қаралы жағдайға айналуда. Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, мектептер мен ауруханалардың, мешіттер мен тұтас қалалардың жойылуы, миллиондаған бейбіт тұрғындардың баспанасыз қалып, аштық пен ауруға душар болуы жанға батпай қоймайды. Соғыстан зардап шеккен палестиналық балалар мен әйелдерді Өзбекстандағы клиникаларда тегін емдеуге дайын екенімізді мәлімдейміз», – деген еді Өзбекстан Президенті.

Осы игі бастаманың жалғасы ретінде кеше Өзбекстан тарапынан Ташкент–Мысыр–Ташкент бағыты бойынша арнайы жолаушылар чартерлік рейсі жүзеге асырылды. Елге соғыс аймақтарынан зардап шеккен 100 палестиналық бала мен әйел жеткізілді. Өзбекстанға келген науқас балалар мен әйелдер, сондай-ақ оларға жолсерік ретінде келген адамдар толық медициналық тексеруден өткізіліп, сауықтыру орталықтарына орналастырылады. Олардың толыққанды өмірге бейімделуіне көмек көрсетіледі.