29 маусымда Қытайдан Ташкентке ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының 1 миллион дозадан тұратын кезекті партиясы жеткізілді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Осылайша, Өзбекстандағы вакциналар қоры 6,4 миллион дозаға жетті. Бүгінгі таңда елдегі вакцинация науқаны аясында 3,4 миллионнан астам доза қолданылды.
Министрлік хабарына сай, ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының тағы 1 миллион дозасы ертең жеткізілуі көзделген.
ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы Өзбекстанда 3-кезеңдік клиникалық сынақтардан сәтті өткен Қытайдың «Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co. Ltd» компаниясы мен өзбек мамандары бірлесіп жасаған препарат. Ол азаматтарға үш рет егілгенде олар толық вакцинацияланған болып саналады.
Зерттеулерге сай, өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп жасаған атаулы вакцина коронавирустың «британдық» және «бразилиялық» штаммдарына қарсы тиімді екендігі дәлелденген. Ал, «Оңтүстік Африка» штамына қарсы белсенді бейтарап күйін сақтаған. Қазіргі күнде «үнді» штаммына қарсы тиімділігі зерттелуде.
Еске салар болсақ, атаулы вакцинаның алғашқы партиясы Ташкентке 27 наурызда әкеллінген.
- 27 сәуір - 1 миллион доза,
- 18 мамыр - 1 миллион доза,
- 19 мамыр - 500 мың доза,
- 10 маусым - 1 миллион доза партиялары жеткізілді.
