Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандықтарда көліктің қай моделі көп екені белгілі болды
12:07 / 2023-04-14

Өзбекстан азаматтары арасында автокөліктердің қай моделі көбірек екені туралы ақпарат берілді.

2023 жыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша (міндетті техникалық байқаудың қорытындысы бойынша) «Nexia» маркалы көлік Өзбекстанда жеке тұлғаларға тиесілі ең танымал автокөліктер арасында көш бастап тұр – 752 490 дана.

Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, келесі орында «Damas» (529 934 дана) және «Cobalt» (404 746 дана) көліктері тұр.

Бұл көрсеткіш қалған отандық көліктер арасында мынадай:

  • Lacetti – 390 538 дана;
  • Spark - 352 085 дана;
  • Matiz - 296 442 дана.