Өзбекстандық жеңіл атлет Париж Олимпиадасына жолдама алды
Жеңіл атлетикадан Өзбекстан ұлттық құрамасының мүшесі Шахрух Давлатов марафон бағдарламасы бойынша (42 шақырым, 195 метр) Париж-2024 Олимпиадасына жолдама алды.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Испанияда өткен Valencia Marathon Trinidad Alfonso турнирінде Давлатов 2:07:02 (2 сағат, 7 минут, 2 секунд) уақытты нәтиже көрсеткен. Бұл Париж-2024 Олимпиадасына қойылған талаптан 1 минут 8 секунд жақсы көрсеткіш.
Шахрух осы нәтижемен 38 жыл бұрын орнатылған ұлттық рекордты (2:13:28) жаңартты. Валенсияда өткен жарыста Давлатов жалпы есепте 18-ші орын алды.
Сұрхандария спортшысы соңғы 2 жылда бірнеше ай бойы Кенияда оқу-жаттығу жиындарына қатысқан.
Осылайша Өзбекстан делегациясының Париж-2024 Олимпиадасына алған жолдамалар саны 15 жетті.