Өзбекстандық жас мерген Азия чемпионы атанды
Индонезияның Джакарта қаласында 10 метрлік пневматикалық тапаншадан ату бағдарламасы бойынша жекелей сында өзбекстандық мерген Илхомбек Обиджонов Азия чемпионы атанды.
Жастар мен ересектер арасында құрлық біріншілігінің жарысы «Париж-2024» Олимпиадасына жолдаманы сарапқа салады.
Чемпионатқа құрлықтың 29 елінен 400 спортшы қатысуда, Өзбекстан құрамасында 3 қыз және 5 ер спортшысы бар.
Чемпионат 18 қаңтарға дейін жалғасады.