Өзбекстандық төреші Париж Олимпиадасында төрелік етеді
Париж-2024 жазғы Олимпиада ойындарында жұмыс істейтін өзбекстандық төрешілер саны артып келеді.
Алдағы Олимпиаданың ауыр атлетика сайысында өзбекстандық, халықаралық төреші Зухра Абдуллаева да жұмыс істейді.
Айта кетейік, Абдуллаева үшін бұл үшінші Олимпиада болмақ. Тәжірибелі төреші бұған дейін Рио-2016 және Токио-2020 Жазғы Олимпиада ойындарында төрелік еткен.
Еске салар болсақ. Париж-2024 жазғы Олимпиада ойындарында Вячеслав Перетейко (дзюдо), Равшанбек Мирзаев (гимнастика) және Эшпулат Хидоятов (күрес) сынды өзбекстандық төрешілер жұмыс істейді.