Өзбекстандық төреші 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында қызмет атқарады
Халықаралық конькишілер одағы 2026 жылы Италияның Милан–Кортина қаласында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарында жұмыс істейтін төрешілер тізімін жариялады.
Айта кетерлігі, осы жарыстың мәнерлеп сырғанау сайысында спортшылардың өнерін бағалайтын төрешілер қатарында өзбекстандық Саодат Нумманова да бар.
Алдағы Олимпиадада Өзбекстанның халықаралық санаттағы төрешісі Саодат Нумманова спортшылардың өнерін бағалайды. Маман жеке (жұптық) және командалық (әйелдер мен жұптық) бағдарламаларда төрелік етеді.
Айта кету керек, С.Нумманова 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өткен XXIII қысқы Олимпиада ойындарында да төрелік жасаған болатын.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6–22 ақпан күндері өтеді.