Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандық теннисші өмір бойына теннистен шеттетілді
12:30 / 2021-12-04

Халықаралық теннис кәсіби этика агенттігі (ITIA) өзбекстандық теннисші Альбина Хабибулинаны теннистен өмір бойына шеттетті.

Агенттік ресми мәліметінше, Альбина теннистің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының (TACP) бірнеше ережелерін бұзғаны анықталған болып, ол келісілген ойын ұйымдастырған.

Хабарламада, Хабибуллинаның бірнеше рет ойын ережесін бұзғаны және келісілген ойындар ұйымдастырғаны айтылады. Соның негізінде спортшыға кез келген теннис турнирлеріне қатысуға немесе баруға тыйым салынған және 150 мың доллар айыппұл төлеу міндеттелген.

Теннистегі мансабында Альбина  Хабибулина IFT жекелей сында 492-ші және IFT жұптық сында 208-ші орынға ие болған.

Оның дисквалификациясы 2021 жылдың 21 қарашасынан басталады. Бірақ спортшы қазірше өзіне тағылған айыпқа қарсылық білдірмеген. Дегенмен оның 20 жұмыс күні ішінде Спорттық арбитраждық сотқа шағымдануға құқығы бар.