Өзбекстандық теннисші 7 жылға дисквалификацияланды
25 жастағы өзбекстандық теннисшісі Темур Исмаилов сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның ережелерін бұзғаны үшін 7 жылға ойындардан шеттетілді.
«Tennis Integrity Unit» сайтының мәліметінше, спортшы келісімді ойынға қатысқаны анықталған болып, ол үш рет – 2014, 2015 және 2019 жылдарда келісімді ойындарда кортқа шыққан. Осы жағдайға орай Исмаиловқа дисквалификациядан бөлек 12 мың доллар айыппұл салынды.
Исмаиловтың ATP рейтингіндегі ең жоғары көрсеткіші 756-орын еді, оған байланысты енгізілген шеттету шешімі 2020 жыл 18 желтоқсаннан күшіне енген.