Өзбекстандық таэквондошы қыз әлем чемпионатында ең үздік спортшы атанды
Болгарияның София қаласында таэквондодан WT кадеттер бойынша әлем чемпионаты аяқталды.
Әлем чемпионаты жарысында өзбекстандық Лайла Хасанова барлық қарсыластарын жеңіп, әлем чемпионы атанды. Өзінің спорттағы шеберлігін көрсете алған Хасанованы жарыс ұйымдастырушылары «Үздік таэквондошы қыз» деп таныды.
Өзбекстан таэквондо WT қауымдастығының хабарлауынша, чемпионатқа Өзбекстан құрамасы 16 таэквондошымен қатысып, оның 10-ы жүлделі орындарға ие болған.

Алтын медал – Лайла Хасанова
Күміс медал – Дилмурад Маруфжанов
Қола медал: София Хан, Ахаджон Мухторов, Джавахир Хидоятов, Нигора Азамжонова, Амина Эргашева, Розалина Толибжанова, Аминахон Камалова, Мубина Бобосаидова.