Өзбекстандық студенттерге Ресейдегі оқуын жалғастыруға рұқсат берілді
Ресей үкіметі бірқатар елдердің студенттеріне елдегі жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыру үшін елге келуге рұқсат берді.
Ресей ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей үкіметінің 31 наурыздағы қаулысына сәйкес Өзбекстан, Тәжікстан, Венесуэла, Германия, Сирия және Шри-Ланка елінің студенттері, аспиранттарі, ординаторы және дайындық факультеттерінің студенттері Ресейге келіп оқуын жалғастыруына рұқсат берілген.
Елге кіру тәртібі бойынша, Ресей шекараларын ашқан елдерден келген студенттер өз оқу орнын жоспарланған күнінен 10 күн бұрын хабарлауы керек және олардан Ресейге кірерден 3 күн бұрын коронавирусқа ПТР тест тапсыру қажет болады.
Сонымен қатар, Ресейге келгеннен кейін студенттер қайта тест тапсыру талап етіледі және оның нәтижесі шыққанша өзін-өзі оқшаулау процедурасын ұстануы керек, делінген хабарда.