Оман астанасы Маскат қаласында өткен «Muscat International Chess Championship 2024» шахмат турнирінде өзбекстандық шахматшылар сәтті өнер көрсетті.
Гроссмейстер атағын иеленген О.Нигматов 9 мүмкіндіктен 8 ұпай жинап, турнир жеңімпазы атанды.
Турнирде 5-ші нөмірмен өнер көрсеткен Нигматов 7 жеңіс, 2 тең нәтиже көрсетті. Ол 8-турда турнирдің бірінші нөмірлі шахматшысы, отандасымыз Абдумалик Абдусалимовпен тең ойынға місе тұтты.
Турнирде 2-орынды 7,5 ұпаймен ирандық Махди Голами Орими иеленді. 3-орынды 6 жеңіс, 3 тең ойын көрсеткен отандасымыз Абдумалик Абдусалимов (7,5 ұпай) алды. 4-ші және 5-ші орындарды мысырлық шахматшылар Хамед Вафа мен Адхам Фавзи да 7,5 ұпай жинап бөлісті.
Өзбекстандық тағы бір шахматшы Алексей Барсов 7 ұпай жинап, 206 қатысушының ішінде 10-орынды иеленді.
Айта кету керек, турнирге қатысқан 206 шахматшының 5-еуі бірде-бір рет жеңіліс таппаған болса, олардың 3-еуі өзбекстандық шахматшылар.