Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандық режиссердің фильмі халықаралық кинофестивалде Гран-при иегері атанды
16:48 / 2020-11-18

Өзбекстандық танымал режиссер Ёлқин Тойчиевтің «Фариданың екі мың әні» атты көркем фильмі Ресейде өткен «Мәскеу премьерасы» халықаралық кинофестивалінде Гран-при иегері атанды.

«Өзбеккино» ұлттық агенттігінің тапсырысы бойынша «Fox Music Cinema» студиясы тарапынан таспаланған «Фариданың екі мың әні» атты көркем фильмі, өткен ғасырдың басында Түркістанда болған саяси оқиғалардың негізін баяндап, ол қарапайым бір отбасының тұрмысы арқылы көрсетілген.  

12-17 қараша күндері аралығында Ресейдің Мәскеу қаласында өткен «Мәскеу премьерасы» Достастық елдер II Халықаралық кинофестиваліне ТМД елдерінің Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Латвия, Молдова, Ресей, Өзбекстан және Эстонияның ұлттық фильмдері қатысты.