Өзбекстандық режиссердің фильмі халықаралық кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алды
Қырғызстанда 1-ші халықаралық «Айтматов және кино» кинофестивалі өтіп, оған өзбекстандық кино саласының мамандары да қатысты.
Өзбекстан кинематография агенттігінің хабарлауынша, осы агенттіктің тапсырысы бойынша режиссер Шакир Халиков түсірген «Жексенбі» (Якшанба) көркем фильмі «Үздік фильм» аталымы бойынша Гран-при жүлдегері атанды.