Өзбекстандық Паралимпиада спортшыларын қарсы алу шарасы өтті
6 қыркүйек кешкі уақытта Ташкент Халықаралық әуежайында Токио-2020 Паралимпиада ойындарына қатысқан өзбекстандық спортшыларды күтіп алу шарасы өтіп, марапаттау рәсімі «Жаңа Өзбекстан» саябағында жалғасты.
Салтанатты шараға Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, «Олий Мажлис» Заң шығару палатасының спикері Нурдинжан Исмаилов, Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы Сирожиддин Саййид және Өзбекстанның танымал тұлғалар қатысты.
Токиодан жүлдемен оралған Паралимпиада ойындары жеңімпаздарының әрқайсысы 200 мың доллар, үй және автокөлік, күміс жүлдегерлерге 100 мың доллар, автокөлік пен пәтер, қола жүлдегерлерге 50 мың доллар, темір түұлпар мен пәтер табыс етілді.
[gallery-3792]
Еске сала кетейік, Өзбекстан Паралимпиада құрамасы 8 алтын, 5 күміс және 6 қоламен жалып командалық есепте Токио Паралимпиада ойындарын 16 орынмен аяқтады.