Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандық Олимпиада спортшыларын қарсы алу шарасы өтті
02:30 / 2021-08-10

9 тамыз кешкі сағат 21:00де Ташкент Халықаралық әуежайында Токио-2020 Олимпиада ойындарына қатысқан өзбекстандық спортшыларды күтіп алу шарасы өтті.

Салтанатты шараға Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, «Олий Мажлис» Сенатының Төрағасы Т.Норбаева, Өзбекстанның Халық ақыны М.Тоир, Өзбекстанның Халық әртісі Ё.Садиев және басқада танымал тұлғалар қатысты.

Өзбекстан Олимпиада делегациясын әуежайдан күтіп алу салтанаты аяқталған соң Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Өзбекстан Олимпиада комитетінде жалғасып онда, Токиодан жүлдемен оралған спортшылар марапатталды. 

[gallery-3345]

Еске сала кетейік, Өзбекстан спортшылары Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындарын 3 алтын, 2 қола медалмен жалпы командалық есепте 31 орында аяқтады. Бұл нәтиже Орталық Азия және Түркі елдері арасында бірінші, ТМД бойынша екінші орын болды.