Өзбекстандық өнер шеберлері Португалиядағы фестивалге қатысты
«Шығыс әуендері» ән және би ансамблі Португалияда өткен беделді «Festival International de Folclore Rio» халықаралық фольклор фестиваліне қатысты.
Португалия тарапынан ресми түрде қарсы алынған «Шығыс әуендері» ұжымы ұлттық ән-билері арқылы фестиваль қонақтары мен қатысушыларына өзбек мәдениетінің қайталанбас сұлулығын паш етті.

Көрермендер ансамбльдің өнерін ыстық ықыласпен қарсы алып, олардың шеберлігіне жоғары баға берді.
Фестиваль аясында Өзбекстан делегациясы Португалияның мәдениет жөніндегі мемлекеттік хатшысы Алберто Сантоспен кездесті. Ондағы әңгіме барысында ол Өзбекстанның тарихи мұрасы мен ұлы ғұламалары туралы терең білімге ие екенін атап өтті.

«Шығыс әуендері» ансамблінің халықаралық сахнадағы сәтті өнер көрсетуі - Өзбекстан жастарының әлеуеті, өнері мен мәдениетінің үздік көрінісіне айналды.