French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандық мамандар Ауғанстандағы темір жолды жөндеуге көмектеседі
12:20 / 2023-11-13

Өзбекстан мен Ауғанстанның теміржол компанияларының басшылары «Хайратон-Наибабад-Мазари Шариф» темір жолының бір бөлігін жөндеуге келісті.

Өзбекстан темір жолдарының хабарлауынша, 2023 жыл 8 қарашада Ауғанстанның Балх облысы Хайратон қаласында «Өзбекстан темір жолдары» АҚ басқарма төрағасы Зуфар Нарзуллаев пен Ауғанстан темір жолдары басқармасының басшысы Бахт-ар-Рахман Шарафаттың кездесуі өтті.

«Келіссөздердің негізгі тақырыбы теміржолдың «Хайратон-Наибабад-Мазари-Шариф» аумағын қайта жаңғыртуға қатысты болып, екі тарап осы аймақты дамытуға және жаңғыртуға келісті», делінген хабарламада.

Екі тарап темір жол көлігі саласындағы жіне өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға үміт білдірген. Бұл ынтымақтастық аймақтың көлік инфрақұрылымын жақсартуға және Ауғанстан мен Өзбекстанның сауда-экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасауға қызмет етеді.