Өзбекстандық маман халықаралық теннис төрешісі мәртебесін алды
Өзбекстандық теннис төрешісі Дилмурод Шерматов «ITF Officiating» халықаралық мектебінде оқу мен емтихандарды сәтті аяқтап, «White Badge» біліктілік дәрежесіне ие болды.
«White Badge» — Халықаралық теннис федерациясы (ITF) тарапынан теориялық білім мен корттағы тәжірибелік нәтижелерге сүйене отырып берілетін ресми дәреже. Бұл мәртебе төрешіге ITF халықаралық турнирлерінде «Chair Umpire» (бас төреші, «вишкадағы» төреші) ретінде қызмет ету құқығын береді. Аталған дәреже ITF төрешілік мансабының алғашқы ресми баспалдағы болып саналады және келесі жоғары деңгейлерге көтерілуге негіз болады.

Айта кету керек, соңғы бір жыл ішінде Өзбекстаннан екі төреші халықаралық санатты иеленді.