Өзбекстандық маман халықаралық марапатқа ие болды
Бангкокта Азия Олимпиадалық Кеңесінің (АОК) 43-ші Бас Ассамблеясы аясында оның дамуы үшін үлес қосқан бірнеше азаматқа Кеңестің беделді наградасы «Ұлы еңбегі үшін» ордені табыс етілді.
Олар қатарында Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Ойбек Қасимовта бар.
АОК басшысының міндетін атқарушы Раджа Рандхир Сингх барлық делегаттарды қарсы алып, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың АОК отбасына жолдаған үндеуін оқып есіттірген.