Өзбекстандық компания Қытайда өкілдігін ашты
Шаньдун провинциясының Циндао қаласының орталығында орналасқан ШЫҰ халықаралық сауда орталығының ғимаратында Өзбекстанның BMB Trade Group компаниясының өкілдігі жұмыс істей бастады.
«Dunyo» агенттігінің хабарлауынша, соңғы жылдары BMB Trade Group көптеген бағыттар бойынша қытайлық компаниялармен ынтымақтасады. Атап айтқанда, Өзбекстанда өсірілетін құрғақ жемістер мен бұршақ дақылдарын осы елге экспорттау және жоғары технологиялар негізінде жасалған құрал-жабдықтарды елімізге әкелу жолға қойылған.
Қытайда BMB Trade Group өкілдігінің ашылуы жоғарыда аталған және басқа да бірқатар сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер ашады.