Өзбекстандық ғалым «ЮНЕСКО-Карлос Финлей» сыйлығымен марапатталды
Микробиология саласы бойынша ғалым Өзбекстан Ұлттық университетінің жанындағы Өзбекстан-Қытай бірлескен зертханасының меңгерушісі Дильфуза Эгамбердиева «ЮНЕСКО-Карлос Финлей» сыйлығымен марапатталды.
ЮНЕСКО сыйлығы оған өсімдік пен микробиоманың өзара әрекеттесуі, өсімдіктердің стресске төзімділігі, топырақ биологиясы және микробтардың әртүрлілігі саласындағы зерттеулері үшін берілген.
Мәдениет пен өнерді дамыту қорының мәліметінше, Дильфуза Егамбердиева халықаралық ғылыми қауымдастық арасында ауыл шаруашылығы саласына арналған серпімді және тұрақты жүйелер бойынша ғылыми жұмыстарымен танымал. Оның зерттеулері қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік қолайлылыққа бағытталған.
ЮНЕСКО-Карлос Финлей сыйлығы Куба үкіметі бірлесіп қаржыландыратын екі жылда бір рет берілетін академиялық марапат.