20 жастағы өзбекстандық футболшы Мұхаммедәли Уринбоев Бельгияның «Ройял Антверпен» клубына өтті.
«Пахтакор» клубының тәрбиеленушісі, Өзбекстан жастар құрамасының футболшысы Мұхаммедәли Уринбоев Бельгия Про лигасының әйгілі ұжымдарының бірі — «Ройял Антверпен» клубына ресми түрде ауысты.
Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап, футболшымен 4 жылдық келісімшарт жасалған.
Клубтың баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде: «Қош келдің, сәттілік тілейміз, Мұхаммедәли!» — деп жазды.
Еске сала кетейік, 2005 жылы туған Уринбоев «Пахтакор» жүйесінде тәрбиеленіп, командамен бірге: Өзбекстан Суперлигасының үш дүркін чемпионы (2021, 2022, 2023), Өзбекстан Суперкубогының иегері (2022) атанған.
2024 жылғы 31 қаңтарда ол Англия Премьер-лигасының «Брентфорд» клубына жарты маусымға жалға берілген болатын.
Сонымен қатар,Уринбоев жақында өткен U20 Азия кубогындатөрт гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанған еді.