Өзбекстандық футболшы БАӘ клубына өтті
«Пахтакордың» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Достонбек Хамдамов клубтан еркін агент ретінде саптан шығып, БАӘ-ның «Аль-Наср» клубымен келісім жасады.
Дубай командасының ресми сайты таратқан ақпаратта, 24 жастағы өзбекстандық футболшы алдағы 1,5 жылдық мансабын «Аль-Наср» сапында жалғастырмақ.
Хамдамов «Бунеткор» тәрбиеленушісі болып, 2014-2017 жылдар аралығында «қарлығаштар» қатарында ойнаған. 2018 жылы Ресейдің «Анжи» командасында ауысып, 2019/20 маусымды Ташкенттің «Пахтакор» клубында өткізді.
«Аль-Наср» клубы БАӘ-нің 2020/21 біріншілігінде 12 турдан кейін 24 ұпаймен үшінші орында келеді.