Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандық фильм халықаралық байқауда жеңіске жетті
18:10 / 2020-12-28

«Өзбекфильм» Ұлттық киноагенттігі тапсырысына орай таспаланған режиссер Аюб Шахобиддиновтың «Рангсиз тушлар» (бояусыз түстер) туындысы Бангладеш халықаралық кинофестивалінде «Үздік сценарий» номинациясында үздік деп бағаланды.

Фильмнің сценарийін Умид Хамдамов жазған. Талантты кинематограф Умид Хамдамов сценарий жазудан бөлек өзі режиссер. Оның «Иссиқ нон» (Ыстық нан) атты толық метражды фильмі ТМД елдері арасында өтетін кинематографтардың «Киношок-2019» байқауында бас жүлде Гран-Приді жеңіп алған болатын.

«Рангсиз тушлар» (бояусыз түстер) картинасының сюжеті өзге ел аумағында 17 жыл тұтқында болып, азаттыққа шыққан «Кашмира» атты әйел кейіпкердің тағдыры жайлы баяндалады. 43 жасар талантты режиссер жаңа туындысы жайлы: өмірде адам баласы өзінің ішкі «МЕНін» түрлі жағдайда (түрмеде, қоғамда, отбасында) өзгеруінің бірнеше маңызды акспектілерін көрсетуге тырысқандығы және көп жыл түрмеде отырған жанға деген қоғамда солды көзқарас шиеленістерін көрсетілгенін, айтады. 

Атаулы туындысының жақында ғана премьерасы өтіп, қазіргі кезде фильм елдегі барлық кинотеатрларда көрсетіліп жатыр.